Қарағанды облысында жол апаты салдарынан 3 полицей ажал құшты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында тәртіп сақшыларының қатысуымен екі жол-көлік апаты болып, салдарынан 3 полицей ажал құшты. Бұл туралы аймақтық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«6 желтоқсанда «Балқаш-Қарағанды» тас жолында «BMW 530I» көлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, көлікті басқара алмай, жыраға түсіп кеткен. Салдарынан полиция сержанты, ІІД ӘПБ жол-патрульді полиция батальонының қызметкері қаза тапты», - делінген хабарламада.

Жүргізуші мен көлікте болған екінші полицейге тиісті көмек көрсетілді.

Осыған дейін хабарланғандай, 7 желтоқсанда кешке Қарағанды-Ботақора» тас жолында болған жол көлік апатында 2 полицей қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, «ВАЗ-21102» жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, ол қарсы жолаққа шығып кетіп, «Фольксваген Пассат» көлігімен соғылған.

«ВАЗ-21102» жүргізушісі мен оның жолаушысы - Бұқар Жырау аудандық ІІБ қызметкері алынған жарақаттардан көз жұмды.

«Фольксваген-Пассат» жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді.

Екі факті бойынша да қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ведомствоның ақпаратынша, екі жағдайда да полицейлер қызметтік міндеттерін орындау кезінде апатқа ұшыраған.

Соңғы жаңалықтар