Қарағанды облысында жолда қалған 98 адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қызылорда-Павлодар» тас жолында қалған 98 адам құтқарылды, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
None
None

17 мамырда 6 сағат 20 минутта Қарағанды облысының ТЖД бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне Ұлытау ауданындағы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 245-265 шақырымында нөсер жаңбыр салдарынан пайда болған саз балшықтан техниканы эвакуациялау және көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпарат келіп түсті.

ТЖ орнына дереу құтқару техникасы жіберілді.

17 мамыр күні 9 сағат 30 минуттан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының күштері саз балшықтан 98 адамды (оның ішінде 15 бала) және 21 автомашинаны (5 шағын автобус, 15 жеңіл көлік және 1 жүк машинасы) шығарды.

17 мамырдың 17 сағат 30 минутынан бастап қазіргі уақытқа дейін ауа райының нашарлауына және жол қабатын судың шайып кетуіне байланысты Қызылорда облысының шекарасынан бастап Жезқазған қаласына дейінгі учаскеде («Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамырда Қызылорда облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы және 16 мамырда Қарағанды облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы 16-18 мамыр аралығындағы тәуліктерде дауыл болатыны жайлы ескерту (күн күркіреу, желдің ұйытқуы 15-20 м/с дейін) жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар