Қарағанды облысында жыл полицейі таңдалды (ФОТО)
Жаңа жыл мерекесінде үздік полицейге диплом және естелік сыйлық табыс етілді. 31 жастағы Е. Садықбеков жеті жылдан бері ішкі істер органдарында, соңғы екі жылда АЖДЖ-да қызмет атқарып келеді, қоян-қолтық ұрыспен айналысады. Қарашада ол букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілердің бірін ұстады.
Әріптестерінің мерекесінде ІІД ансамблі өнер көрсетті. «Үш аккорд» шоуын екі полковник, бір полиция подполковнигі: облыстың ІІД бастығының бірінші орынбасары Манат Терліков, Қарағанды қ. ІІБ кадр және тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Жанатай Сембеков көрсетті. Олар әр жылдардағы әндерді шырқады. «Самый лучший день» әнімен Григорий Лепс бейнесінде шыққан ІІД бастығының бірінші орынбасары жеңіске жетті.
Жаңа жыл мерекесінде полиция қызметкерлерінің балаларын да құттықтады. «Вестник Фемиды» газеті ата-аналары полицияда істейтін, балалар арасында өткен «Мой малыш» фото байқауының жеңімпаздарын марапаттады.