Қарағанды облысының әкімі Б. Әбдішев «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы болып сайланды

ҚАРАҒАНДЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы болып сайланды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

«Бүгін «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалының XVII кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияның барысында партия басшысы лауазымына облыс әкімі Бауыржан Әбдішев тағайындалды», - делінген хабарламада.

Аталмыш конференцияға жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келген «Нұр Отан» ХДП-ның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты.

Айта кетейік, кеше Б. Байбек және облыс әкімі Б. Әбдішев Теміртауда болып, қалалық балалар ауруханасының жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ олар ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында болды.

Онымен бірге Абай қаласының тұрғындарымен кездесу өтті. Осыдан кейін «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары және облыс әкімі тұрғындармен болған Абай ауданы әкімінің есептік кездесуіне қатысты.

Соңғы жаңалықтар