Қарағанды облысының әкімі есепті кездесуінде 30-дан аса сұрақтарға жауап қайтарды (ФОТО, ВИДЕО)

Онымен барлық деңгейдегі әкімдердің өз аймақтарындағы есепті кездесулері аяқталды. Билік өкілдерінің хабарлауынша, аймақта есеп беру науқанында 434 кездесу өткен, оларға 40 мыңға тарта адам қатысты.
Өңір басшысының есепті кездесуіне ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік Ақылбай мен Сергей Ершов қатысты.
Залға жиналғандармен қатар бейне-конференция байланысының көмегімен шалғай қалалар мен ауылдық аудандар тұрғындары да қатысу мүмкіндігіне ие болды. Облыс әкімінің есепті кездесуі 3 сағатқа жуық созылды. Н.Әбдібеков «Жаңа кезең - жаңа міндеттер» деген тақырыпта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады. Одан кейін өңір басшысы 30-дан астам сұрақтарға жауап қайтарды. Сонымен бірге, облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 50-ден астам жазбаша өтініштер түскен.
Жиында ТКШ саласы, білім беру, тұрғын үй проблемалары, абаттандыру мәселелері жөнінде келелі әңгіме қозғалды. Сондай-ақ тұрғындар құқық бұзушылық фактілері жөнінде хабарлап, заңсыздық көріністерінен қорғауды сұрады.
Н.Әбдібеков: Қарағанды облысы су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын жүргізуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысында су тасқынына дайындық өткен жылмен салыстырғанда жақсырақ, деді тұрғындармен есептік кездесуінде облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.
«Өткен жылы қызыл су жайылған елді мекендердің жағдайын зерделедік. Қазір қай ауылға қандай қауіп төнетінін болжап отырмыз. Кез келген жағдайда селге дайынбыз», - деді Н. Әбдібеков өткен жылы су басқан Ғ. Мұстафин кенті тұрғынының сұрағына жауап беріп.
Әкім аймақтағы су қоймалардан суды шығару бойынша жұмыстар басталып кеткенін айтты. Сонымен қатар, жолдардағы су өткізу құрылымдарының жағдайы сарапталды. Елді мекендердің маңындағы дамбалар мен қоршаулар күшейтіліп жатыр.
«Биыл өткен жылмен салыстырғанда су тасқынына жақсырақ дайындалдық деп есептеймін. Төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін 1 млрд. теңге қарастырдық. Өткен жылы бұл сома аздау болған. Қазір бұл қаражат облыстық мәслихаттың қолдауымен бюджетте жоспарланды. Кез-келген уақытта оны мақсатты түрде бағыттай аламыз. Осындай резервтер аудандарымыз бен қалаларымызда жасақталды. Қосымша резервтер құрылуда. Тұрғындар төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін үйреніп жатыр».
Облыс әкімі елді мекендерде қосымша 80 түрлі хабарландыру жүйесі орнатылғанын айта кетті.
Н.Әбдібеков: Қарағанды облысы су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын жүргізуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысында су тасқынына дайындық өткен жылмен салыстырғанда жақсырақ, деді тұрғындармен есептік кездесуінде облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.
«Өткен жылы қызыл су жайылған елді мекендердің жағдайын зерделедік. Қазір қай ауылға қандай қауіп төнетінін болжап отырмыз. Кез келген жағдайда селге дайынбыз», - деді Н. Әбдібеков өткен жылы су басқан Ғ. Мұстафин кенті тұрғынының сұрағына жауап беріп.
Әкім аймақтағы су қоймалардан суды шығару бойынша жұмыстар басталып кеткенін айтты. Сонымен қатар, жолдардағы су өткізу құрылымдарының жағдайы сарапталды. Елді мекендердің маңындағы дамбалар мен қоршаулар күшейтіліп жатыр.
«Биыл өткен жылмен салыстырғанда су тасқынына жақсырақ дайындалдық деп есептеймін. Төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін 1 млрд. теңге қарастырдық. Өткен жылы бұл сома аздау болған. Қазір бұл қаражат облыстық мәслихаттың қолдауымен бюджетте жоспарланды. Кез-келген уақытта оны мақсатты түрде бағыттай аламыз. Осындай резервтер аудандарымыз бен қалаларымызда жасақталды. Қосымша резервтер құрылуда. Тұрғындар төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін үйреніп жатыр».
Облыс әкімі елді мекендерде қосымша 80 түрлі хабарландыру жүйесі орнатылғанын айта кетті.
2016 жылы Қарағанды облысында 101 млрд. теңгенің 10 жобасын іске қосу көзделген - Н. Әбдібеков
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қарағанды облысында Индустрияландыру картасы аясында 101 млрд. теңгенің 10 жобасын іске қосу көзделген. Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтты.
«2010 жылдан бастап, Индустрияландыру картасына енгізілген 94 жобаның ішінен, жалпы құны 141,9 млрд. теңге болатын 68 индустриялық жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорындарда 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылды. 2015 жылы сомасы 18,9 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, 649 жұмыс орны құрылды, - деді Н. Әбдібеков. - Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында 6,5 мыңнан аса жұмыс орынын құрып, 1,2 триллион теңгеге 36 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде, 800 жаңа жұмыс орындары құрылатын 101,1 млрд. теңгенің 10 жобасын 2016 жылы іске асыру жоспарланды».
Іске қосылған жобалардың арасында ол төмендегілерді ерекше атап өтті: «Евразия Инвест Ltd» ЖШС «Табиғи бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру», «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС «Фармацевтика заводы үшінші кезегінің құрылысы».
«Индустрияландыру картасының жаңа өндірістері 2015 жылы сомасы 91,2 млрд. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін шығарды. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 18 млрд. теңгені құрады», - деп атап өтті облыс әкімі.
Есеп мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі - 10,4%.
«Казахмыс Корпорациясы» мол үлесін қосты, мұнда катод мысын өндіру өсімі 50%, тазартылған алтын 30% , күміс 83% құрады.Даму үдерісін сатап қалуға Үкімет пен әкімдік тарапынан көрсетілген қолдау ықпал етті» , - деді Н. Әбдібеков.
Н.Әбдібеков Сарандағы қазандық құрылысының созылуына байланысты түсінік берді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Сарандағы қазандық құрылысының созылуына байланысты түсінік берді.
«Өкінішке қарай, бұл түйткілді мәселе болып отыр. Өткен жылы мердігерге жан-жақты қолдау көрсетсек те, ол құрылысты мерзімінде аяқтай алмады. Біз құрылысты жылдамдату үшін барлық шараларды қолданып отырмыз», - деді Н.Әбдібеков тілшілердің Орталық коммуникациялар қызметінің облыста ашылған филиалындағы брифингте қойған сұрақтарына жауап беріп.
Ол қазіргі кезде мердігермен сот талқылауы жүргізіліп отырғанын атап өтті. «Егер сот даулары созылса, құрылыс тағы бір жылға кейінге қалдырылуы мүмкін. Бірақ біз мердігердің оны аяқтайтынына үміттеніп отырмыз, қазіргі кезде қосалқы мердігерлер де көмектесуде. Өкінішке қарай, оған 100 пайыздық кепілдік бере алмаймын. Онда бірқатар мәселелер бар. Бұл нысан бойынша сот сараптамалары жүргізілуде. Бірақ қандай жағдай болмасын, біз оның (қазандықты - ред.) құрылысын аяқтаймыз. Биыл болмаса, келесі жылы. Бұл нысанды аяқтайтынымызға 70-75 пайызға сенімдімін», - деп түсіндірді аймақ басшысы.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Саран қаласында құны 5 млрд. теңгені құраған жаңа қазандықты 2015-2016 жылғы жылыту маусымына қарай тапсыру жоспарланған еді. Алайда оның мердігері - «Павлодар қазандық зауыты» ЖШС оны мерзімінде салып үлгермеді. Оған қатысты 2015 жылдың қазан айында Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы арыз талап берілген. Тапсырыс берушінің ақпаратынша, мердігер құрылысты қажетті жұмыс күші мен техниканың жетіспеушілігінен мерзімінде тапсырып үлгермеді.
Қарағанды облысының әкімі қыс бойы бір күрткемен жүреді
Қарағанды ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің жеке бюджетін қалай үнемдейтінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Әрине, үнемдеуге тура келеді. Менің екі ұлым ер жетті, олар жұмыс істейді, өздері ақша табады. Егер мен бұрын аздап көмектесуге тырыссам, қазір өкінішке орай ондай мүмкіндік шектеулі»,-деді Н. Әбдібеков Орталық коммуникациялық қызметтің облыстық филиалында өткен брифингте.
«Егер назар салған болсаңыздар, күзде бір күртке киген едім, сонымен қыс бойы жүрмін. Басқасы жоқ».
Оның айтуынша, итальяндық сыртқы киімді жергілікті әмбебап дүкеннен сатып алған.
«Зайыбыммен бірге дүкенге барамын, арзандауын таңдаймын. Түскі тамақты үйден ішемін, ешқандай мейрамханаға бармаймын. Қазіргі уақытта кешкі тамақты ішпеуге тырысамын. Білетіндердің айтуынша, бұл өзіңді сергек те жеңіл сезінуге көмектеседі», деп қосты өңір басшысы.
Қарағанды әкімі бейбітшілік және келісім саябағы ашу туралы ұсынысты қолдады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 2015 жылы ашылған Достық үйі маңындағы аумақты дамыту қолға алынбақ. Бұл туралы мәселе облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде көтерілді.
Облыстық Еврей мәдениеті орталығының басшысы Вилен Молотов-Лучанский Достық үйінің маңында бейбітшілік және келісім саябағын немесе алаңын жасау туралы ұсыныс жасады.
«Бұл - дұрыс. Достық үйін салғанда аумақты абаттандырмақ болдық. Достық үйі пайда болғаннан кейін Оңтүстік-шығыс шағын ауданы үшін бұл орын жаңа қоғамдық орталық болады деп ойлаймын», - деген Н.Әбдібеков бастамаға қолдау танытты.
Әкім ауданды алдағы уақытта да дамыту қарастырылғанын айта кетті. Нақтырақ айтқанда, онда жасөспірімдер үйін салу жоспарланған.
Қарағанды облысының әкімі шетелдік инвесторлармен ағылшынша сөйлесті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындармен есептік кездесуінде шетелдік инвесторларға арнаған сөзінде ағылшынша сөйледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.
«Бүгінде облыс тұрғындарының 61 пайызы мемлекеттік тілді меңгеріп алған. Орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі - 92,3 пайызды, ағылшын тілін меңгерген азаматтардың үлесі - 7,6 пайызды, үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі - 4 пайызды құраған. Жеке мысалды көрсету үшін, өткен жылы мен өз есебімде ағылшын тілінде сөйлеуді уәде етіп, бүгін шетелдік инвесторларға сөз арнағым келеді», - деді Н.Әбдібеков.
Ағылшын тілінде сөйлеген аймақ басшысы соңғы 5 жылда облысқа 63 млрд. теңгеден астам шетелдік инвестициялар тартылғанын атап өтті. Ол шетелдік компанияларды аймақ экономикасына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Н.Әбдібеков сондай-ақ әлеуетті инвесторларды аймақта өз жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды.
Қарағанды облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі Кеншілердің мәдениет сарайында өтті. Н.Әбдібеков өз баяндамасын «Жаңа кезең, жаңа міндеттер» деп атап, аймақтың 2015 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және болашақ жоспарлар туралы баяндап берді. Одан кейін залда жиналғандар аймақ басшысына сұрақтар қойып, бірден жауап алған. Бұдан басқа, шалғайдағы қалалар мен ауылдық аудандармен онлайн байланыс ұйымдастырылған.