Қарағанды облысының әкімі халық алдында есеп берді

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин халық алдында есеп берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асқар Ыдырысов қатысты. Өңір басшысының жұртшылықпен сұхбаты төрт сағатқа созылды. Бұл уақытта облыс әкімі елуге тарта сұрақтарға жауап қайтарды. «Мен міне Қазақстанның ең ірі өңірінің әкімі ретінде төртінші рет есеп беріп отырмын. Облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелерімен қатар халықтың күнделікті проблемаларын шешуге тура келеді. Мұндай жыл сайынғы кездесулер ? бұл атқарылған жұмыстың есебі ғана емес. Бұл алған бағытыңды айқындау, өткен кезеңде жасалған жұмыстарды ой елегінен өткізу және бұдан әрі жоспарларды анықтау», - деді Н.Нығматуллин.Облыс әкімінің кездесуімен аймақта қаңтар айы бойы өтіп жатқан барлық деңгейдегі әкімдердің есепті жиындары аяқталды. Өткен жыл Қарағанды облысы үшін табысты кезең болды. «Өнеркәсіп өндірісі өнімдерінің көлемі 956 млрд. теңгені құрап, 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда, 14 пайызға өсті. Экономиканың қалған басқа салалары да сепінді дамып келеді. Осының арқасында облыс бюджетіне 115 миллиард теңгеден астам қаржы түсті», - деген деректерді келтірді ол. Облыста 23 жаңа өндіріс ашылды, соның 14-і индустриялық-инновациялық бағыттағы жобалар. «Силициум Қазақстан» компаниясының металлургиялық кремний шығаратын зауыты, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның сортты прокат цехы, Балқашта металлургиялық кешен сияқты серпінді жобалар жүзеге асырылды. «Ауыл шаруашылығы орнықты дамуда, өндірістік қалалардың маңында 190 ет-сүт және көкөніс-картоп өндіретін 190 шаруашылық құрылып, азық-түлік белдеуі жасалды, облыс өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етіп отыр», - деді облыс әкімі. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы асыра орындалып келеді. 2008 жылы 484 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл жоспарланғандағыдан 50 мың шаршы метр көп.Н.Нығматулин өзінің есебінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыруға елеулі көңіл бөлді. Аймақ басшылығы кәсіпорындардағы өндірістік үдерістерді тұрақтандыруға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға бағытталған айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама жасады. Экономикалық қиындықтарға қарамастан аймақта әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасуда, - деді Н.Нығматулин.
Соңғы жаңалықтар