Қарағанды облысының полицейлері «Көкнәр-2013» жедел алдын алу шарасының барысында 200 келіден артық есірткі заттарын тәркіледі

«2013 жылдың 1 маусымынан 30 қазанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген кең ауқымды «Көкнәр-2013» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Тек Қарағанды облысы бойынша шараны жүргізу барысында 169 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 89 факт есірткі заттарын тасымалдауға қатысты», - делінген хабарламада.
Полицияның ақпараты бойынша, екі ұйымдасқан қылмыстық есірткі саудалаушылар тобының жолы кесілді. Осы топтарға мүшелерге қатысты ҚР ҚК 235-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
«Жезқазғанда әрекет еткен қылмыстық топ жетекшілерінің бір өзінен 1 келіге жуық героин мен қылмыстық жолмен табылған 14 млн. теңге тәркіленді. Оған қатысты ҚР ҚК 193-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, Қарағанды облысында «Көкнәр-2013» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында есірткі құқық бұзушылығы үшін 226 адам әкімшілік тәртіп бойынша жазаланды, олардың 132-сі әкімшілік жолмен қамауға алынса, 94-не айыппұл салынды.