«Қарағанды-Теміртау» күре жолында оншақты көлік соқтығысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Қарағанды-Теміртау» тас жолында 20-ға жуық көлік соқтығысты. Бұл туралы аймақтың ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«17 наурызда «Қарағанды-Теміртау» тас жолында бірқатар көліктің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Жолдың көрінбеуі салдарынан 20-ға жуық көлік соқтығысты. Қазір жол жабылды. Бұл жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді оқиға орнында жүрген облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Кудияров.

Оның сөзіне қарағанда, қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен жапа шеккендердің саны анықталып жатыр.

«Боран мен көлік кептелісі жұмысты қиындатып жіберді», - деп қосты Б. Кудияров.

Соңғы жаңалықтар