Қарағанды вокзалынан «жарылғыш зат» іздестірілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды вокзалынан жексенбі күні кешкі уақытта жарылғыш зат іздестірілді. Бұл туралы облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Құдияров мәлімдеді.
None
None

«23 қараша күні сағат 20.40 кезінде полицияға темір жол вокзалына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына барлық жедел қызметкерлер барды. Вокзал ғимаратынан жолаушылар мен қызметкерлер шығарылды», - деді Б. Құдияров.

Ол жалпы көшірілген адам санын айтпады. Басқарма басшысының айтуынша, жарылғыш зат вокзалдан табылмады, оқиғаның ізі суымай күдікті қолға түсті.

«52 жастағы ер адам қолға түсті. Ол полицияның орталық бөліміне жеткізілді», - деді Б. Құдияров.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 242-бабына сәйкес (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар