Қарағандыда ақша талап ету мақсатында 18 жастағы жігітті ұрлады деген күдікпен 4 адам ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер «Ұстау» жедел жоспарын енгізу арқасында ақша талап ету мақсатында 18 жастағы жігітті ұрлады деген күдікпен 4 адам ұстады. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«12 ақпанда полицияға белгісіз біреулер 18 жастағы інісін ұрлап кетіп, ақша талап еткені жайлы шағыммен Қарағандының 26 жастағы тұрғыны жүгінеді. Белгіленген орында кездесуде күдіктілер 350 мың теңге ақшаны алып, «Мицубиси» көлігімен оқиға орнынан бой тасалайды», - делінген хабарламада.

Полиция «Ұстау» жоспарын жариялады. «Бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінен екі күдікті көлікте ұсталды. Салонды тексеру барысында жеті патронмен 12 калибрлі екі оқпанды аңшылық қаруы, бейсбол сақасы, пышақ және ақша тәркіленді», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Қалған қызметкерлерді анықтау үшін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізді. Нәтижесінде қала пәтерлерінің бірінен күдікті де, ұрланған жігіт те табылды.

«Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жүргізілуде», - деп қосты ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар