16:10, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Қарағандыда «Біз таза қала үшін» акциясының екі күнінде 360-тан астам құқық бұзушылықтың алды алынды
ҚАРАҒАНДЫ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Біз таза қала үшін» акциясының екі күнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 367 құқық бұзушылықтың алдын алды,

деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Ұсақ бұзақылықты жасағаны үшін 138 адам, рұқсат етілмеген жерде темекі тартқаны үшін - 116, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішіп, мас күйінде болғаны үшін - 111 адам жазаға тартылды», - деп нақтылады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Мысалы, үй маңында темекі тұқылын тастаған ер адамға қатысты хаттама толтырылды. Сот әкімшілік істі қарастырып, құқық бұзушыға үш айлық есептік көрсеткіш, яғни 5 193 теңге көлемінде айыппұл салды.