Қарағандыда ІІБ кадр қызметкерлерінің республикалық жиыны өтуде

ҚАРАҒАНДЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы базасында ішкі істер органдарының кадр қызметі қызметкерлері үшін оқыту-әдістемелік жиындар өтуде, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Жиынға ІІБ тәрбие бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ кадр жұмысы бойынша басшылардың орынбасарлары келді. Бір апта бойы жиынға қатысушылар тәжірибе алмасатын болады»,- деп хабарлады шараның ұйымдастырушылары.

Оқу жиындары аясында Елбасы Жолдауында полицейлерге жүктелген міндеттердің іске асырылуын талқылау бойынша «дөңгелек үстелдер» өтетін болады.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар сертификатқа ие болады.

Соңғы жаңалықтар