Қарағандыда қалалық саябақта терроризм акті туралы жалған хабар берген жеткіншекті ұстады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жасөспірім орталық мәдениет және демалыс саябағын «миналады». Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«13 шілдеде шамамен сағат 12.00-де 112 телефонына белгісіз біреу хабарласып, Қарағанды қаласының орталық саябағы ауданында террорлық акт дайындалып жатқанын хабарлаған. Ақпарат тексеріліп, расталмады. Полиция қызметкерлері жалған хабар берген адамды анықтап, ұстады. Ол кәмелет жасқа толмаған болып шықты», - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факт ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар