Қарағандыда өрттен бір отбасыны құтқарып қалған полицейлер марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өрт кезінде бір отбасыны құтқарып қалған екі полицей марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Үй мен көлік толықтай өртеніп кетті. Бірақ, қуанышқа орай, менің отбасымда бәрі дін аман. Полицейлер уақыты көмек көрсетпегенде, қазір біздер мұнда тұрмас едік», - деді Сортировка тұрғыны Александр Майоров.

Өрт 2017 жылдың соңында болған. Жанып жатқан үйден үш адам - әйелі мен күйеуі және ер адамның анасы құтқарылған. Полицейлер бұл әрекеттерін ерлік деп есептемей, адамдарды құтқарғаны туралы ақпарат таратпауды жөн көрген. Бұл оқиға туралы облыстық ІІД басшылығы келген алғыс хаттың арқасында білген.

«Сол күні полицияның учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Асыл Жұманов пен полиция аға сержанты Сержан Таңатов қызметіне кіріскен. Сортировка көшесін патрульдеп жүріп, жеке үйден көк түтіннің шыққанын байқаған. Полицейлер шарбақтан секіріп өтіп, үйге кірген. Үйдің есігі құлыптаулы, ал терезелерінде темір тор болған. Тәртіп сақшылары темір тордың бірін жұлып алып, үйге кірген. Үйдің иесін, оның жұбайы мен анасын ес-түссіз жатқан күйінде құтқарып қалған», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Қарағанды облыстық ІІД жауынгерлік және еңбек даңқы музейінде концерт өткізіліп, полицейлерге құрмет көрсетілді.

«Мұндай іс-шараларды өткізу арқылы жас полицейлерге үлгі көрсетуге болады», - деп атап өтті Қарағанды облыстық кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұрат Жұмаділдин. 

Соңғы жаңалықтар