Қарағандыда полицейлер өздеріне итін айтақтаған әйелді жаралады

ҚАРАҒАНДЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандыда санкцияланған тінту кезінде күдікті әйел полицейлерге питбультерьер тұқымды итін айтақтаған. Тәртіп сақшылары қару қолданып, итті атып өлтіреді, сонымен бірге олар атқан оқ күдікті әйелді де жарақаттаған, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Оқиға бүгін Қарағандыдағы автокөлік тұрақтарының бірінде орын алған.

«Есірткі заттарын тасымалдауда күдікті 48 жастағы әйелді санкцияланған тінту кезінде ол полицейлерге өзінің питбультерьер тұқымды итін айтақтаған. Полицейлердің табельдік қару - Макаров тапаншасын қолдануына тура келген. Салдарынан ит өліп, әйел жарақат алған - оқтың бірі оның сол аяғының тобығына тиген», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Зардап шеккен әйел полиция қызметкерлерінің қадағалауымен ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.

«Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде», - деп жалғастырды облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар