15:12, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Қарағандыда полицейлер волейболдан кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған жарыс өткізді
ҚАРАҒАНДЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының спорт залында волейболдан милиция генерал-майоры, жауынгер-интернационалист Владимир Шумиленконы еске алуға және кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 24 жылдығына арналған жарыс өтті.

Спорт бәсекесіне облыстан келген 20-дан астам команда қатысты. Шақырылғандардың арасында генерал-майордың жесірі Людмила Шумиленко болды. Жауынгер-интернационалистер де келді.
«Жарыс өткен жылдардың оқиғалары туралы еске салып қана қоймай, полиция қызметкерлерін денешынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға қатыстыруға арналды», - деп атап өтті оның ұйымдастырушылары.
Қарағанды облыстық ІІД-де жауынгер-интернационалистерге құрмет көрсетілді. Жиылғандарды облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Дүйсембеков құттықтады.
Ведомствоның ақпаратынша, Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің органдарында қазіргі кезде 13 жауынгер-интернационалист қызмет атқаруда.