Қарағандыда полицейлер жастардың жаппай төбелесінің алдын алды, 50-ден астам адам ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер жастардың жаппай төбелесінің алдын алды, 50-ден астам адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді,
None
None

деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Участок» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында 12 қараша күні Қарағанды қаласының ІІБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлеріне Зональная көшесіндегі 19 кәсіптік лицей аумағында Қарағанды құрылыс-техникалық колледжі мен аудан жасөспірімдерінің арасында жаппай төбелес болғалы жатыр деген ақпарат келген. Бұл туралы дереу облыстың ІІД әкімшілік полиция басқармасына хабарланды.

Қоғамдық тәртіптің жаппай бұзылуының алдын алу мақсатында аталған ауданға шұғыл түрде облыстың ІІД арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері жіберілді.

Полицияның ақпараты бойынша,арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері оқиға орнына 19:30-да жеткен. Бұл кезде жиылған жастар өзара жанжалдасып, жаппай төбелеске ұласар сәт те жақындап қалған еді.

«Полиция бөліміне 54 адам жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жанжалды құрылыс-техникалық колледждің 2-курс студенттері ұйымдастырған», - деп көрсетілген хабарламада.

Полицейлердің жедел шара қолдануының арқасында қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алды алынды.

Соңғы жаңалықтар