Қарағандыда полиция басшылығы педофилді ұстауға көмектескен мектеп оқушыларын марапаттады

ҚАРАҒАНДЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда педофилді ұстауға көмектескен екі мектеп оқушысы ІІМ символикасы бар сағатпен марапатталды
None
None

Бүгін Қарағанды облысы ІІД бастығы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров жеке құрамның қатысуымен өткен жиында 15 жасар екі жасөспірімге - № 65 орта мектептің 8-сынып оқушысы Андрей Перков пен № 54 орта мектептің 9-сынып оқушысы Ақан Дидановқа алғыс хат тапсырды. Сонымен қатар, балалар сыйлыққа ІІМ символикасы бар сағат алды.

«Сендер батыл әрекет жасадыңдар», - деп атап көрсетті ІІД бастығы.

Сонымен қатар, ұлдарына жақсы тәрбие бергені үшін оқушылардың ата-аналарына да алғыс хаттар тапсырылды.

«9 сәуір күні А. Перков және А. Диданов, мектептен қайтып келе жатып, 13-ықшам аудан алаңқайынан қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен жартылай жалаңаш еркекті көреді. Жасөспірімдерді байқап қалған еркек жасырынуға тырысқан. Оқушылар полицияны шақырып, олар келіп жеткенше педофилдің ізінен қалмай жүріп отырған. Келіп жеткен жедел топ 33 жасар қылмыскерді ұстады», - деп әңгімеледі облыстың ІІД баспасөз қызметінде.

Бесінші сыныпта оқитын 11 жасар қыздың әкесі полицияға кәмелеттік жасқа толмаған қызының зорлануы фактісі бойынша арызданды. Қылмыскерге қатысты ҚР ҚК 120 «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум