Қарағандыда студентті қағып кеткен полицей сотталды
Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі берген мәліметтер бойынша, ішкі істер органының бұрынғы қызметкері Қылмыстық кодекстің екі бабы- 345- бапта көзделген «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және ҚК 347- бабында қарастырылған «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша кінәлі деп танылды.
«Сотталушы екі жыл алты ай бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Е.Букетов атындағы ҚарМУ-дің төртінші курс студенті Арайлым Исатай дүкеннен жатақханасына қайтып келе жатқан. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі қызды байқамаған жүргізуші оның біреуін қағып кетті. Қыз алған жарақатынан мерт болды.