Қарағандыда су тасқынының алдын алуға 412 азаматтық қорғаныс қызметі құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері қаралған селекторлық кеңес өткізді.
None
None

Аталған мәселе бойынша Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Талғат Нұрмағамбетов баяндады. Оның айтуынша, көктемгі су тасқынын алдын алу және жою мақсатында гидротораптарда, сорғы стансаларда және өзге де нысандарда 54 бекет бақылауда. Бұл жұмыстарды үйлестіріп отыру және оның орындалу барысын қадағалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Департамент жанынан құрылған мобильді топтар көктемгі су тасқынының қаупі бар деген аймақтарды аралады. Осыған орай 412 азаматтық қорғаныс және апаттың алдын алу қызметтері құрылып, 976 бірлік техника, 28 суда жүзу құралдары және 253 бірлік суды сорып алу құрылғылары сақадай сай дайын тұр. Сондай-ақ құлақтандырудың локальді жүйесі жасалып, материалдық-техникалық резерв құрылды.

Сонымен қоса көктемгі су тасқынына әзірлік мәселелері бойынша «Қазгидромет» облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Валерий Стратиенко, «Карагандаводхоз» РМК облыстық филиалының басшысы Гурам Соболев және «Қарағанды су қоймалары» КМК директоры Данияр Қарамолдин баяндама жасады.

Аталған мәселелер бойынша қала және аудан әкімдері де есеп берді.

Кеңес соңында аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларға жол берілмеуі қажеттігіне баса назар аударып, жағдайды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар