Қарағандыда жас қыз полицияға 10 мыңнан аса оқ-дәрі тапсырды

ҚАРАҒАНДЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицияға 10 мың оқ-дәрі тапсырған қыз 730 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болуы мүмкін, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Қарағанды қаласының ІІБ орталық полиция бөліміне түрлі калибрлі иір ойықты мылтыққа арналған заңсыз түрде сақталып келген 10074 оқ-дәрі ерікті түрде тапсырылды. Тапсырған адамның сөзіне қарағанда, ол осыншама оқты осыдан екі жыл бұрын Шахтинскте тұратын ата-анасының үйінің шатырынан тауып алған», - делінген хабарламада.

Содан заңсыз сақтаудағы қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру бойынша өткізіліп жатқан республикалық шара жайлы естіп, бірден полицияға барған. Тиісті тексерістер мен сараптамалар өткізілгеннен кейін оған мемлекеттен 730 мың теңге көлемінде сыйақы алу мүмкіндігі бар екені мәлімделді.

Полицияның ақпараты бойынша, осы күні Қарағанды облысының тұрғындары акция барысында заңсыз сақталып келген оқпен атылатын 358 қару, 5,6 калибрлі иір ойықты 79 мылтық, тегіс оқпанды 279 мылтық тапсырған.

Соңғы жаңалықтар