Қарағандыда жол ережесін бұзатын жүргізушілер нөмірін балшықтан тазартпайды

«Құзырлы органдар видеобақылау камерасынан көргенде жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтамас үшін, әдейі мемлекеттік тіркеу нөмірлерін кірлету арқылы жасырып жүрген жүргізушілер бар», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің баспасөз орталығы.
Жол-патрульдік полицейлер осындай фактілермен жиі кезігетіндіктен, 21-23 сәуір аралығында «Таза қала - таза нөмір» атты профилактикалық акциясын өткізу туралы шешім қабылданды.
«Акцияның басты мақсаты - көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралдарын тізгіндеп жүрген жүргізушілерді анықтау. Қазіргі заңнама мемлекеттік тіркеу белгілерінің көзге көрінетіндей және оқылатындай болуын талап етеді, сондай-ақ белгіленген мемлекеттік стандартқа сәйкес болу керек. Оқылмайтын мемлекеттік нөмірлері бар көліктерді жүргізіп жүрген жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады», - деп түсіндірді жергілікті полиция қызметінің баспасөз орталығы.