Қарағандыда жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов жылумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мейрам Кожухов жылыту маусымына дайындық аясында қаланы аралауды жалғастырып жатыр.

«Көктемде ең маңызды және қажетті жобалардың бірі – ұзындығы 2,5 км құрайтын М10 жылу магистралінің (Таугүл ш/а орналасқан 10.1 павильонынан Мұқанов көшесі бойында орналасқан 10.2 павильонға дейін) учаскесін қайта құруға кірістік. Әрине, көпшілік үшін жоба немесе M-10 деген сөздер түсініксіз болуы мүмкін, бірақ қысқаша айтқанда, бұл жобасыз бүкіл Оңтүстік-Шығыс ауданы жақын болашақта жылусыз қалады. Бұл жоба не беретінін түсіндіре кеткенім жөн болар. Оңтүстік-Шығыста белсенді түрде жаңа үйлер мен ғимараттар салынып жатыр, болашақта жаңа нысандар орталық жылыту жүйесіне қосылады және «Степной-1», «Степной-2», «Степной-3», «Степной-4», «Гүлдер-1», «Гүлдер-2», «Кең дала», «Панель-Орталық» шағынаудандарын және Оңтүстік-Шығыс тұрғын ауданында салынып жатқан нысандарды ЖЭО-3-тен үздіксіз, сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін қайта жаңғырту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Яғни, осы ауданда гидравликалық параметрлер жақсарады, жылумен жабдықтау сапасы көтеріліп, апат 0-ге дейін азаяды», - деп атап өтті шаһар басшысы.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 1.1 км учаскеде жұмыс біткен, маусымның соңына дейін желінің 1.9 км жасалады, ал келесі жылы жоба толық аяқталады.

Тағы бір жоба – ЖЭО-3-тен Пришахтинск және Сұрыптауға барар бағыттағы жылу магистралін қайта құру.


Бұл жерде айта кететін бір жайт – аталмыш жылу магистралі 41 жыл бұрын –1982 жылы пайдалануға берілген және мұнда ешқашан күрделі жөндеу жүргізілмеген, тек қажетті апаттық ауыстыру болған.

«Өткен жылдың өзінде бұл учаскеден 90-ға жуық ақау шықты. Пришахтинск пен Сұрыптаудағы бүкіл жұмыстан кейін Шахтер кентінде апатсыз жылу беру қамтамасыз етіледі және үйлер жылуға қосылады. Сондай-ақ, екінші жоба - Пришахтинск және Сұрыптау бағытындағы жылу магистралін жаңарту, ол екі жылды қамтиды - биыл және келесі жылы», - деп атап өтті Мейрам Кожухов.


Соңғы жаңалықтар