Қарағандыдағы жарылыс кезінде 1 адам пәтердің балконынан құлап кеткен

None
ҚАРҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы 16 қабатты үйде болған жарылыс кезінде 1 адам 8-ші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен, абырой болғанда аман қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде үйдің тұрғыны 8-ші қабаттың балконынан құлап кеткен, алайда аман қалған. Ол ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта диагнозы және жағдайы нақтылануда», - деді Мұрат Қатпанов.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағанды қаласында Республика даңғылы 18/2 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Жарылыс 16 қабатты, 127 пәтерлі тұрғын үйде болған.

Төтенше жағдай 8-қабатта болған, пәтерде газ жарылып, кейіннен өрт шығып, қабатаралық плита қираған (ауданы анықталуда). Барлау барысында үш адамның денесі табылды (болжам бойынша екі ер адам мен әйел).

Төтенше жағдай болған жерге облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келіп жетті. Ол эвакуацияланған тұрғындарды қонақүйлерге жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Мен қазір жарылыс болған үйдің жанында тұрмын. Өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр, автобустар келді, адамдар эвакуацияланды. Адамдарды қонақүйге орналастырамыз, қазір 35 орын дайын»,-деп нақтылады Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекбаев.


Соңғы жаңалықтар