10:05, 20 Қазан 2013 | GMT +5
Қарағандылық полиция қызметкерлері өмірмен қоштаспақ болған қызды құтқарды
ҚАРАҒАНДЫ. 20 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 9 қабаттан құлап, өз өмірімен қоштаспақ болған 16 жастағы қызды құтқарып қалды,

деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
«102 нөмірге 9 қабаттағы терезеден секірмекке әрекет жасап жатқан қызды көргендер қоңырау шалған. Оқиға болған жерге полиция старшинасы Б. Құдайбергенов және полиция аға сержаттары С. Боқаев пен Т. Ахметов шұғыл жеткен. Олар аяғын шығарып, құлауға шақ қалған қызды ұстап үлгерді.
Ол осыдан үш күн бұрын туыстарымен ренжісіп, тұрып жатқан үйінен кетіп қалған, Қарағандыдағы колледждердің бірінің оқушысы болып шықты. 16 жастағы қыз ағат қылығын мойындап, өзін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.