Карантин: Ақтөбеде 47 мониторинг топ жұмыс істейді
Ақтөбе облысы бойынша барлығы 47 мониторинг топ жұмыс істеп тұр. Оның 11-і Ақтөбе қаласында. 1-сәуір күні қалалық мониторинг топ 12 бұзушылықты анықтады. «Хаббл Бабл», «Только взял» кальян барлары, «Рахат» караоке клубы және «Лото», «Лотоматик» ойын клубтары карантин режимін бұзды. Облыстық санитариялық-эпидемиологилық бақылау департаментінің қаулысына сәйкес мұндай ойын-сауық орталықтары қызметін тоқтатуы тиіс. Сонымен қатар «Оскар», «Сова Лофт», «Эльфан Паб», «Chechill Pub», «Империал», «Донер КЗ» және «Прага» қоғамдық тамақтану орындарында карантинк шектеуі сақталмай, олар 22:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Адам саны да 30-дан асып кетті.
«Бір күнде 10-нан астам материал түсті. Қаулыға сәйкес шара қолданамыз», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологилық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.