16:43, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Қараша айында 75 автокөлік айып тұрағына «қамалды» - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы жыл басынан бері 443,3 млн. астам теңгенің 82854 әкімшілік құқықбұзушылықтың бетін ашты.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 252,537 млн. астам теңгесі немесе 57 пайызы өндірілді.
Әкімшілік айыппұлды өндіру үшін қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың автокөліктерін айып тұрағына қою ісі атқарылуда. Биылғы қараша айында 75 автокөлік айып тұрағына «қамалып», соның нәтижесінде 2 млн. теңге өндірілді.