Каратэден АЧ: Қазақстан құрамасы алғаш рет командалық есепте топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Каратэден (WKF) Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында өз тарихында алғаш рет 4 алтын алып, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді.
Ең соңғы бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы (Софья Берульцева, Дайяна Даренская, Николь Ценгель және Нұрия Тізімбай) кумитеден командалық сында финалда Вьетнамға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Чемпиондар:
Жоламан Биғабыл (-55 кг),
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг),
Дайяна Даренская (-68 кг),
Софья Берульцева (+68 кг.
Күміс жүлде:
Кумитеден Қазақстан әйелдер құрамасы.
Қола медаль алғандар:
Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг),
Әсел Қанай (-61 кг),
Данияр Юлдашев (-84 кг),
Диас Ұлбек (+84 кг),
Кумитеден Қазақстан ерлер құрамасы.
Жалпы есепте Жапония (3 алтын, 5 күміс, 4 қола) екінші орынға көтерілсе, үздік үштікті 3 алтынмен Вьетнам түйіндеді.
Биыл каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов ұстағаны белгілі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық каратэшілердің Азия чемпионатында 4 алтын алғанын жазған болатынбыз.