Каратэші Дархан Асаділ Олимпиаданың қола жүлдесін алды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды.

Дархан каратэ тарихында Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр. Ол 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар бүгін үш қола медаль жеңіп алды. Олар - боксшы Сәкен Бибосынов, еркін күрестен Нұрислам Санаев.

Жалпы, ел қоржынында әзірге 7 қола медаль бар.


ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК


Соңғы жаңалықтар