Қараусыз ғимаратта көз жұмған шымкенттік студент жайлы тың деректер белгілі болды

Шымкентте опырылған ғимарат астында қалған Орта Азия медицина колледжінің екінші курс студенті болып шықты, деп хабарлайды Kazinform.

фосфоршылар сарайы
Фосфоршылар сарайы, Шымкент. Фото: 2gis

Шымкентте бұрынғы Фосфоршылар сарайының үш қабатты ғимаратының бір бөлігі құлап, 18 жастағы жігіт мерт болды.

Оқиға кезінде ғимаратта үш адам болған, оның екеуі қашып үлгерген.

Ал біреуі үйінді астында қалып қаза тапты.

Зардап шеккендердің бәрі — Орта Азия медицина колледжінің екінші курс студенттері.

«Оқиға орнында 23 қызметкер және ТЖД 9 арнайы техникасы, 8 құтқарушы, 2 кинологиялық есеп және медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оқиға орны мұқият тексеріліп жатыр. Жағдай қала әкімінің және мамандандырылған құтқару қызметінің жедел бақылауында» делінген Шымкент әкімдігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан алдын Шымкентте ғимарат опырылып, видео түсірмек болған бала үйінді астында қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар