Қараусыз қалған сөмке Қарағандыдағы сауда үйіндегілерді әбігерге салды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Сити Мол» сауда-ойын-сауық орталығында қараусыз қалған күдікті сөмке жұртшылықты әбігерге салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел қызмет сауда үйінен 300-ге жуық келуші мен сауда үйі қызметкерін эвакуациялады.

«25 ақпан күні 10:48-де 102 жедел басқару орталығының пультіне сауда үйінің орталық кіре берісіне тастап кеткен қара сөмке туралы хабарлама келіп түсті. Жедел қызмет келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Сөмкенің иесі табылды. Сауда үйінің күзетшілері ер адамды жүгімен бірге ғимаратқа кіргізбеген. Сол себепті ер адам кіре беріске тастап кетуге мәжбүр болған.

Ер адамның ешқандай қастық ойламағаны және күзетшілер талабымен тастап кетуге мәжбүр болғаны ескеріліп, қамауға алынған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар