21:20, 20 Қаңтар 2011 | GMT +5
Қарлы боранға байланысты Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарлы боранға байланысты Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

20 қаңтарда кешкі сағат 18:30-дан бастап ауа райының қолайсыз жағдайына (қарлы боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Ембі ауылы-Шалқар қаласы» учаскесіндегі 91-257-шақырымында және «Самара-Шымкент» республикалық маңыздағы автокөлік жолының «Ақтөбе-Қарабұтақ ауылы» учаскесіндегі 753-965-шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Автокөлік жолдары боран басылғаннан кейін қалыпты режимге көшірілмек.
Автокөлік жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін «Қазақавтожол» РМК-ның диспетчерлік қызметі (7172 44-46-85) тәулік бойы жұмыс істейді.