Қарсыласын екі аяқпен бірдей жаншып өткен футболшы алаңнан қуылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық «Арсенал Саранди» клубының жартылай қорғаушысы Родриго Контерас ұлттық чемпионат матчында «Банфилданың» қорғаушысы Ренато Сивеллиге дөрекілік көрсеткені үшін ойыннан шеттетілді.
Ойынның видеосы georgian channel-дің YouTube арнасында жарияланған.
Кездесудің 33-минутында Контерас қарсыласының аяғына қос аяқтап секірген. Сивелли біраз уақыт көгалда тұр алмай жатты, алайда артынша ойынға оралды. «Арсенал» ойыншысы алаңнан шығарылды. Алайда, бұған қарамастан оның командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.