Қарттар үйіндегі өмір шындығы: Ата-анасынан бас тартатындар азайып келе ме

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйінде 200-ден астам адам тұрады. Оның 90-нан астамы мүгедек. Соңғы жылдары бала-шағасынан бас тартып немесе өз баласына керексіз күй кешкендер саны азайып келеді.
None
None

Дегенмен бұл үйдегі қарттар мен мүгедектердің өз арман-тілегі мен мақсаты бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі арнайы барып біліп қайтқан болатын.

Қарттар мен мүгедектер үйіндегі тәртіп бәріне ортақ. Мұндағы адамдар бір-бірімен жақсы таныс, бір-бірінің өмір жолын біледі. Бірақ олардың арасында ішкі сырын ешкімге айтпайтын, әлі де жасырын өмірді қалайтын, кітап оқып, теледидар қараудан гөрі тек ойға шомылып жатқанды жаны сүйетіндері бар. Ақтөбенің Ырғыз ауданынан 2009 жылы қарттар үйіне келген Тәжітай Молдабеков солардың қатарынан.

«Мен жас кезімде мал бақтым, трактор айдадым. Біздің ауылда мал шаруашылығы жақсы дамығанын бәрі біледі. Өзім 2009 жылы ауылдан кеттім, содан бері бармаймын. Сағыну туралы айтпасаңыз да болады. Біз интернаттың тұрғынымыз. Тамағымызды ішіп, ініміз, яғни, бөлемізге қайта кіріп, жатамыз. Жасым 79-да. Қалған өміріме өзгеріс керек емес. Кітап оқымаймын, теледидар қарамаймын. Тек жатып, ойланғанды қалаймын. Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең деген осы», - деді. Ол отбасы туралы қандай да бір ақпарат беріп, өткенді ескі түсіргісі келмеді. Бауырларын да еске алмады.

Ал өзін Жұмабек Ажинов деп таныстырған І топ мүгедегі Ақтөбегі қарттар мен мүгедектер үйіне Астанадан келіпті.

«Мені осында әкелді. Қазір жағдайым жақсы. Негізі 5 жыл бұрын көзім көрмей қалды. Көлік қағып кеткен соң бас-ми жарақатын алып, қиындыққа тап болдым. Бұрын көлік құрастыру, қыш зауыттарында еңбек еттім. Мүгедектігіммен зейнетке шығып, отырмын. Жасын 70-тен асты. Балаларым, жұбайым бар, бәрі Астана тұрады. Өзім кетіп қалдым, қарттар үйін таңдадым», - деді Жұмабек Ажинов.

Екі көзгі көрмейтін қария музыка тыңдағанды ұнатады.

«Адам қартайған шағында қарттар үйіне түспес үшін алдымен өзі жақсы болуы керек. Қазір бізде сыйластық аз. Үлкен кішіні, кіші үлкенді құрметтемейді. Жастар ата-анасын үйден қуып шығуға дайын. Жанымдағы адамдармен сөйлесіп, өміріміз туралы білеміз. Бәрі де «балам үйімнен қуып шықты» деп айтады. Өмір шындығы осы», - деді ол.

Арманы туралы айта алмаған Жұмабек Ажинов Ақтөбеден Астанаға қайта орталу туралы әзірге ойлаған емес.

І топ мүгедегі Ерболат Қосымбаев 10 жылдан бері қарттар мен мүгедектер үйін мекендеген. Интернат үйінің ішіндегі мәдени шараларға жиі қатысатын ол домбырамен өлең айтады. Бос уақытында спорт залға барып, шынығады.

«Жол апатынан соң екі аяғымнан айырылып, арбаға таңылдым. Отбасым, балаларым бар. Бірақ олармен байланысым жоқ. Мүгедектер үйіне достарым, құрдастарым келіп тұрады. Тек денсаулық тілеймін, өзге арманымыз, тілегіміз де жоқ. Мұндағы адамдардың тағдыры ұқсас келеді. Сонда көңілімізді түсірмей, бір-бірімізге демеу болып жүрміз»,- деді ол.

«ҚазАқпарат» оқырманы Ағила Әмірованың өмір жолымен жақсы таныс. Қария жыл өткенімен бала-шағасына деген ренішінің әлі басылмағанын айтып берді.

«Үлкен қызым 60 жастан, кіші қызым 50 жастан асты. Кіші қызымның бүйрегі ауырады. Мені көтеріп, суға түсіру, отырғызу олардың қолынан келмейді. Жалғыз ұлымыз 1995 жылы Ақтау өңіріне кетіп, менімен шаруасы болмады. Жұмыс табылған соң рұқсат беріп едік, жат болып кетті. Бағып-қағатын ешкім болмаған соң қарттар үйіне келдім. Биыл 2 жыл толды. Мұнда құлағым тыныш. Қыздарым «Бәле болдың, масыл болдың» деп айғайлап, көңіліме тиетін ауыр сөздер айтатын. Аяғым жоқ болған соң бәріне төзіп, көндім», - деді Ағила Әмірова.

Негізі қарттар мен мүгедектер үйіне бала-шағасы бар адамдар қабылданбайды. Алайда 2011-2012 жылға дейін қарттар үйіне қоныс аударған адамдар кері жіберілмей, мемлекет қамқорлығына алынды.

«Балалары, асыраушысы бар адамдар орталыққа қабылданбайды. Тұрғындардың ең үлкені 94 жаста. Бұрын баласы ата-анасынан бас тартса, алимент өндірілетін еді. Соңғы заң қабылданған соң бұл жұмыс тоқтатылды»,- деді орталық директоры Ермек Бейсқалиев.
null null

Соңғы жаңалықтар