Қаржы министрі мемлекеттік қарыз туралы сұраққа жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қарызға қатысты түсінік берді.

Мәди Такиев
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

- Мемлекеттік борыш 30,5 трлн теңге болды. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,6 пайыз шамасында, - деді М.Тәкиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бекітілген лимит бойынша мемлекеттің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 32 пайыздан аспауы керек.

- Бұл тұрғыда біз осы лимиттен асқан жоқпыз, - деп нақтылады министр.

Еске салсақ, биыл қазан айында сенатор Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектеновке мемлекеттік қарыздың өсіп бара жатқаны және еліміздің қаржы ресурсын басқаруды жақсарту қажеттігі туралы сауал жолдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мемлекеттік қарызға қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар