Қаржы полициясы басқармасының бастығы қарамағындағы қызметкер пара алғаны үшін жұмыстан кетті

АҚТӨБЕ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - 16 қаңтар күні қызметтік тексеру нәтижесінде Агенттік төрағасының бұйрығымен қызметкерлерінің жұмысына ведомстволық бақылау жасамағаны үшін Хромтау ауданы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының бастығы Қайрат Аманов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Қ.Аманов 2012 жылдың қарашасында пара алу күдігімен ұсталған қарамағындағы инспектор А.Бимырзаның әрекеті үшін зардап шекті.

2012 жылдың маусым айында қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбеков «Қаржы полициясы органдарының басшылық құрамының қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі туралы» бұйрыққа қол қойды, онда басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің тәртібі үшін жеке жауап береді деген қағидат бектілді.

Соңғы жаңалықтар