KASE: Доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Қор нарығында доллар арзандады
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,71 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 495,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 532 — 538 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 502 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 536 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,47 — 5,60 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 496,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,55 теңге. Еуро — 531,33.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар