KASE: Доллар арзандап, теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,63 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 499,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500,7 теңге. Еуро 521 — 525 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 519 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,44 - 5,65 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 20 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 503,61 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 524,96.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.