KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады
Фото: Pexels

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге қымбаттап, 510,43 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 509,94 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 510,69 теңгеден сатып алынады, 512,78 теңгеден сатылады. Еуро 593,21 – 597,63 теңге, ал рубль 6,38 – 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,63 теңгеден сатып алынады, 76,73 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 510,00 теңгеден сатып алынады, 517,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 591,00 теңге, сату - 601,00 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.

– юань: сатып алу - 73,83 теңге, сату - 77,87 теңге.

Еске салайық, 13 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,07 теңгеге арзандап, 509,75 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар