KASE: доллар бүгін сәл қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,25 теңгеге қымбаттап, 539,49 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 539,38 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,89 теңгеден сатып алынады, 541,90 теңгеден сатылады. Еуро 626,81 – 631,27 теңге, ал рубль 6,64 – 6,76 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 537,73 теңгеден сатып алынады, 544,73 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 624 теңге, сату - 633,48 теңге;
– рубль: сатып алу 6,68 теңге, сату - 6,79 теңге.
Еске салайық, 7 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,68 теңгеге қымбаттап, 539,38 теңге болды.