Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Кездесу аясында Мемлекет басшысының және Бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.

Бұған дейін Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар