Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін стадионға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына келді, деп хабарлайды Kazinform.

ақорда
Фото: Ақорда

Кездесу Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Ойын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, Қазақстан мен Сан-Марино матчына билет толық сатылып кетті. Сондай-ақ, аталған кездесуде австриялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар