Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

жапаров
Фото: Ақорда

— Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз, — деп жазылған жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда алапат селден 9 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Артынша сол жойқын селден қазақстандық 4 бала көз жұмғаны белгілі болды. 

Бүгін балалардың мәйіті Шығыс Қазақстан облысына жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар