16:30, 12 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
АСТАНА. KAZINFORM - Президент өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанның жұмысымен танысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Осыған дейін Мемлекет басшысы Ақтөбе облысында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құраған. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 миллион долларға жеткен.