Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Президентке Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құраған. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 миллион долларға жеткен.

Президент Ақтөбе облысында жүр
Фото: Ақорда

Президентке Ақтөбе қаласының әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобаға 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция тартып, 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан және 2025-2027 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар туралы да айтты.

Ақтөбе облысының экономикасы
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе қаласында салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеті таныстырылды. Президент тапсырмасына сай, шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.

Осыған дейін Президенттің Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысқанын жаздық.

Ақтөбе экономикасы
Фото: Ақорда

 

Соңғы жаңалықтар