Кәсіпкерлерге арналған несиені рәсімдемек болған ақтөбелік 24 млн теңгесінен айырылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе тұрғыны танысына 24 миллион теңге беріп, алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлерге арналған несиені рәсімдемек болған ақтөбелік 24 млн теңгесінен айырылды

Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны кәсіпкерлерді дамыту қорынан несие алуға көмек көрсетесемін деген танысына алданды.

«Жәбірленушінің айтуынша, танысы банк қосымшасы арқылы өз шотына шамамен 24 млн теңге сомасында аударым жасаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, сондай-ақ ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Осы баптың санкциясы мүлкiн тәркiлеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.