Kaspi Profit-ке сенген ақтөбелік дәрігер 46 млн теңгесінен айырылды

интернет алаяқтық
Фото: Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбелік дәрігер «Kaspi Profit» платформасының жалған парақшасына сеніп, кезең-кезеңімен 46 млн теңге ақша аударған. Ол инвестиция салып, қаржыны еселемек болып, барынан айырылды.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтар Instagram әлеуметтік желісі арқылы «Kaspi Profit» платформасын жарнамалайды. Тіпті танымал банк иесінің атын жамылып, азаматтарды ақшаны инвестициялауға шақырған.

- Ақтөбелік дәрігер әйел жарнама бойынша хабарласып, өзін «Kaspi Profit» менеджері және қаржы талдаушысы ретінде таныстырған адаммен Telegram мессенджері арқылы сөйлескен. Жалған менеджер оған «RoseFinance» крипто платформасына ақша қаражатын салу және одан әрі жоғары пайызбен қаржы қайтаруға кеңес береді. Алаяққа сенген дәрігер қаңтар-сәуір айлары аралығында 46 миллион теңгеден астам ақша аударған. Алайда уәде еткен жоғары пайызды да, өз ақшасын ала алмаған әйел алданғанын түсініп, полицияға арызданды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар