«Каспий» ФК басшысы діни ағым өкілдерімен бірлесе ақша бопсалаған

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров «Каспий» футбол клубының бұрынғы директорын тергеуге қатысты жаңа деректерді айтты.

«Каспий» ФК басшысы діни ағым өкілдерімен бірлесе ақша бопсалаған
Фото: Антикор

— Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Каспий» футбол клубы» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар зорлық-зомбылықты қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен үш күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Айта кетейік, Астанада пара алып, балабақша орнын саудаға салған шенеунік ұсталды.

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге қаржы жымқырғаны анықталды.

Антикор екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтері қайтарды.

Заңсыз активтер көбіне қай елдерден қайтарылып жатқаны айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар