Каспий шекарашылары екі мыңға жуық бекіре балығын құтқарды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстауда Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны күзетушілер былтыр браконьерліктің 390 дерегін жойған. Нәтижесінде екі мыңға жуық бекіре тұқымдас балығы мен 120 итбалық құтқарылып, қайта теңізге жіберілді.

Шекарашылар бекіре балығын құтқарды
Фото: Фот-шекара қызметі

Браконьерлерден 540 шақырымдық ау мен 196 жүзу құралы тәркіленген.

Шекарышылар беікрені құтқарды
Фото: Фот-шекара қызметі

- Мемлекеттік шекараны қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2024 жылы шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 55 мыңнан астам адамды, оның ішінде шекараны бұзғаны үшін жауапқа тартты. Алдын алынған залал сомасы шамамен 4,6 млрд теңгені құрады. Осы деректер бойынша материалдар құқық бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, - дейді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Шекарашылар бекіре балығын құтқарды
Фото: Фот-шекара қызметі

Бұған дейін, Жетісу облысында браконьерден 100 келіден аса балық, 16 дана темір тор тәркіленгені туралы жазған болатынбыз.

Шекарашылар бекіре балығын құтқарды
Фото: Фот-шекара қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар