12:04, 05 Қараша 2016 | GMT +5
Каспий теңізінде 831 келі сазан аулаған браконьерлер ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Каспий теңізінде су полициясы 831 келі балық аулаған браконьерлерді ұстады.

«Атырау облысы ІІД балық қорларына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері жедел рейд жүргізу барысында заңсыз балық аулаушыларды қолға түсірді. Олар жағалаудан екі шақырым жерден күдікті қайықты байқаған. Жақындап барғанда, әлгілер теңізге қарай қаша жөнелді. Қайық ұсталды және онда Атырау облысы, Исатай ауданының екі тұрғыны болды. Сонымен бірге, 831 келі заңсыз ауланған сазан табылды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.